Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
2019 жылдың 19-ақпанында сағ.14.30 да университетіміздің кітапханалық- ақпараттық орталығының №1 оқу залы мен «Филология және журналистика» кафедрасының студенттерінің ұйымдастырумен қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықты насихаттау, олардың әлемдік ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыру, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Ұлттық аударма бюросынан» аударылған 19 аталымнан тұратын оқулықты таныстыру мақсатында «100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» - БОЛАШАҚҚА БАСТАМА» атты дөңгелек үстел өткізілді.
