М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы мен «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесі 2019 жылдың желтоқсан айының 11 жұлдызында, қазақтың аса көрнекті суреткер жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай және жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында«Ұлылардың ұлағаты» атты әдеби-танымдық кешін өткізді.
Аталған іс-шараны «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесінінің мүшесі Гүлнәр Тайжан қазақтың алтын алаш ұрпағы драматург, әрі аса көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналатынын айтып өтті. Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы баяндалды.
Көркем әдебиет секторының кітапханашысы Нұргүл Сапарғалиқызы «Бейімбет Майлин – халық жазушысы» кітап көрмесін ұсынып, жазушы шығармашылығына тоқталды: Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлиннің щығармашылық жолын революцияға дейінгі әдебиетімізде кең орын алған демократиялық бағытта бастаған жазушы кеңес үкіметі тұсында ғана өзінің алуан тақырыпты, көп жанрлы, талантты шығармаларымен мол дарынын таныта алды. Әдебиетіміздің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырғанын тілге тиек етті.
Оның өлеңдері мен поэмаларында, әңгімелері мен очерктерінде, новеллалары мен фельетондарында, повестері мен романдарында, скетчтері мен пьесаларында еңбекші бұқараның бұрынғы ескі өмірі мен кеңестік дәуірдегі жаңа тұрмысы реалистік шындығымен шынайы суреттелгенін көрсетті.
Осы орайда Көркем әдебиет секторының кітапханашысы Нұргүл Сапарғалиқызы университетіміздің Кітапханалық-ақпараттық орталығының жеке http://lib.tarsu.kz/ сайтына тоқталып, оның ішінде https://adebiportal.kz/ туралы арнайы ақпарат берді.
Келесі кезекте ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған әдеби кеште филология және журналистика мамандығының студенттері, атап айтсақ, Гүлжауhар Бажақай «Бұлтты күні», Қайрат Илмурадов «Байлар тұзағы», Назгүл Сұлтанбаева «Көңіліме», Бейбарыс Сакенұлы «Ел қорғаны», Мавлида Абдулсаттарқызы «Мұқтаждық» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Іс-шара барысында Бейімбет Майлиннің шығармашылығы мен өміріне арналған деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Бейімбет Майлиннің 74 бүркеншік аты болғанын және т.б. жазушыға қатысты қызықты деректер айтылды.
Ақын, жазушы, драматург Бейімбет Майлинге арналған кеш слайдпен сүйемелденді. Елімізде туған жерін, елін сүйетін, заман шындығы мен адам жанын терең ұғына алатын Майлиндей ұл-қызымыз көбейе берсін!- деп әдеби-танымдық кеш аяқталды. Іс-шара соңында Көркем әдебиет секторының кітапханашысы Нұргүл Сапарғалиқызы көпшілік оқырманды қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешіп, өмірден ерте кеткен, артына мол мұра қалдырған Бейімбет Майлин шығармаларын оқуға шақырды.
Әдеби кештің соңында белсенді болған студенттер алғыс хатпен марапатталды.
Осы кештің соңында Көркем әдебиет секторы «Көзайым» әдеби-шығармашыл жастар үйірмесімен бірге "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша жарияланған «Үздік мақала» байқауының қорытындысы шығып, келесі жеңімпаздар дипломмен марапатталды:
І орын – Бекбай Гүлнұр, ІІ – орын –Бажақай Гүлжауһар, Кирбаева Сабрина, ІІІ орын – Жанұзақ Диана, Жұбай Ұлдана.