ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Мұнай, газ және механика» факультетінің оқытушылары, магистранттары  мен студенттері!

     Сіздерді 25.02 - 05.03.2020ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№6-3 абонемент, ғылыми әдебиеттер оқу залы, гидрокешені) ұйымдастырып отырған «Факультет декадасына» шақырамыз. Сіздер мұнда білім беру бағдарламалары бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен әдебиеттермен және электронды ресурстармен таныса аласыздар.

КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқытушылар, магистранттар, студенттер және әріптестер!

     Сіздерді 2020 жылдың 24-ші ақпан күні сағ.10.00-де Дулати университетінің №2 оқу залында өтетін  «Абай-дана, Абай-дара қазақта!» атты  әдеби-танымдық бағдарламасына  шақырамыз!

     Бағдарлама аясында:

    - Ұлт-аспаптар ансамбілінің демеуімен Абай әндері;

   - Абай өлеңдерін жатқа оқу марафоны;

   - «Абай және түркі әлемі» атты дәстүрлі және мобильді кітап көрмесі;

   - Университетіміздің Абайтанушы-ғалымдармен кездесу;

   - #Мен абайды оқимын челленджі ұйымдастырылып,

   - Кітап-сауда дүкендерінің жәрмеңкесі ұсынылады.

Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық. Технологиялық кешен 2.1, 2-қабат.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті "Экономика және бизнес" факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері! 

   Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталық 2020 жылдың ақпан айының 17-22 аралығында сағ.10.00-17.00 өтетін "Ақпараттық күніне" қатысуға шақырады. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен, жаңа түскен әдебиеттермен және электронды ресурстармен таныса аласыздар.

   Мекен-жайымыз: Кітапханалық-ақпараттық орталық, «Экономика және бизнес» факультетінің №3 оқу залы, №6 оқу корпусы.

Сіздерді күтеміз! Келіңіздер! Көріңіздер! Танысыңыздар!