ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    2019 жылдың 15 қазан күні, сағ.15.00-де Кітапханалық-ақпараттық орталықтың  № 6-5 оқу залында /6-1 гидрокешен/- «Заң» факультетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының оқытушылары Г.Б.Еменова, Д.Д.Өмірзакова бастаған СШЭжҚ, МГжМ  факультетінің 2 курс студенттерімен бірге - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог -  Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауын талқылауға арналған «Жаңа бағытқа бастаған Жолдау» атты дөңгелек үстел  өткізілді. 

   Іс шараға қатысушылар Жолдаудың бөлімдерімен танысып, туындаған ой-өрісімен бөлісіп, азаматтық позициясын білдірді.  Дөңгелек үстел тартымды да, мағыналы өтті.

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Кұрметті оқытушылар мен студенттер!

    Сіздерді,  2019 жылы 17 қазан күні, сағ.18.00 Кітапханалық-ақпараттық орталықтың № 6-11 оқу залында университет студенттерімен бірге өткізілетін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылауға арналған  «Жаңа бағытқа бастаған Жолдау» атты дөңгелек үстелге шақырамыз.

   Келіңіздер! Қатысыңыздар!

   Өтетін орны: Білімгерлер үйі /№2 жатақхана/,  №6-11 оқу залы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті "Су шаруашылығы, экология және құрылыс" факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

   Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықта (6-6 оқу залы, гидро.кешен) 14.10.-31.10.2019ж. аралығында ұйымдастырып отырған "Ақпарат күніне" және "Кафедра күндеріне" шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен, жаңа түскен кітаптармен және электронды оқулықтармен таныса аласыздар.

 КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!