Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Хабарландыру

Құрметті «Экономика және бизнес» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы!

     Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталық 2019 жылдың желтоқсан айының 05-07 аралығында сағ.10:00-17:00 де "Маман күніне" шақырады. Оқу залының қорындағы кітаптармен таныса аласыздар.

     Мекен-жайымыз: «Экономика және бизнес» факультетінің №3 оқу залы.

     Сіздерді күтеміз! Келіңіздер! Қатысыңыздар! Танысыңыздар!

1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ!

     Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

     Осы салтанатты күні баршаңызға мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз. Біздің Отанымыз, Қазақстан Республикасы әрқашан гүлдене берсін.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырман қауым!

        Cіздерді 2019 жылдың қараша айының 26-27 жұлдызында, "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында халық жазушысы, мемлекет  және қоғам  қайраткері Ә. Кекілбаев пен ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, халық жазушысы Ә.Тәжібаевтің шығармаларына арналған «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» атты көрме-шолу ұсынамыз.

         Қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған көрме-шолумен таныса  аласыздар!

         Өтетін орны: ГӘҒФкешені, №1 оқу залы.