Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем және сирек әдебиеттер секторы ақын, жауынгер, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай Дулати университетінің ГӘҒФ-нің студенттері арасында (онлайн) жас ақындар мүшайрасын ұйымдастырды.
Мүшайра мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің шығармаларын кеңінен таныстыру. Жастардың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік-эстетикалық дүниетанымын ашу, дамыту және қолдау. Сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, ана тіліне, отансүйгіштікке деген қамқорлықты күшейту.
Аталған мүшайра екі бөлімнен тұрды.
1.Ақынға арнау
2.Ақын өлеңдерін оқу
Жалпы мүшайраға қатысқандардың саны 20-ға жетті. Солардың ішінен ақынға арнау бойынша 2 студент іріктелді, ал ақынның өлеңдерін оқу бойынша 6 студент іріктелді.
Журналистика мамандығының студенттері Көксубай Жұматай мен Осалы Саламаттың Жұбан Молдағалиевке арнау өлеңдері ұсынды. Ал ақынның өлеңдерін оқығандар: Журналистика мамандығының 1-4 курс студенттері Ақылбекова Аяжан, Жаманқара Аяулым, Тайжан Гүлнәр, Кирбаева Сабрина, Исатай Адина және Мәдени-тынығу қызметі мамандығының 3 курс студенті Шегетай Нұрасыл.
Аталған қатысушыларға Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры Иржанова Г.Ж. атынан алғыс хат тапсырылды.
Қазіргі қазақ әдебиетінде Жұбан Молдағалиев тұғыры биік ұлы тұлға, келешек ұрпаққа өшпес үлгі болып қала бермек, ол әрқашан өзі жырлаған халқының жадында.
Қазақ халқы өзінің төл әдебиетінде осындай ұлы ақынның болғанын әр уақытта мақтан етеді.
https://www.zkolib.kz/jubankaz/zhuban/portal.html - осы ресурста қазақтың ұлы ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтер жиналған.
Қатысушылардың өнерін Кітапханалық-ақпараттық орталығының (facebook, instagram, vk) әлеуметтік желілерінде тамашалай аласыздар.