Құрметті оқырмандар!
Студенттер күні – бүкіл әлемдегі студенттерге құрмет көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние.
Сіздерді 2023 жылдың қараша айының 15 жұлдызында, сағ.11:20 кітапханалық ақпараттық орталық ұйымдастырып отырған «Болашаққа үміт-жастарға сенім» атты патриоттық тәрбие сағатына шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялатып, Отанына деген сүйіспеншілікке, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға және жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Өтетін орны: КАО, «CREATIVE ZONE» (2.1 техкорпус, 2-қабат)
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ! КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР!