1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!

Құрметті әріптестер!

   Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке - Алғыс айту күні! Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы.
   Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке, баршаңызға болаттай берік денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «Ақпараттық технологиялар» факультетінің ПОҚ-ы, студенттері, магистранттары және жас ғалымдары!

   Сіздерді 2023 жылдың 01-10.03 аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың 2-оқу залы ұйымдастырып отырған «КАФЕДРАЛАР КҮНДЕРІНЕ» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.
    Өтетін орны: технологиялық кешен, 2-қабат, 2-оқу залы (9.00-17.00 сағ.)
КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді, 28.02.2023ж., сағ.11.00-де Кітапханалық-ақпараттық орталық (№4 оқу залы, 2.6 тех.кешен) және «Экономика және құқық» факультетінің студенттері бірлесе  өткізіп отырған «1- Наурыз АЛҒЫС КҮНІ!» атты іс-шарасына шақырамыз.
   Келіңіздер! Көріңіздер! Қатысыңыздар!