Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2023» АКЦИЯСЫ

 «Парасат майданының жауынгері»

    «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие.
   2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
  Осыған орай 30 қараша күні Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығының  көркем әдебиет секторы, № 1 оқу залының қызметкерлері және Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің   студенттері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ФГҒФ-нің № 1 оқу залында  қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Парасат майданының жауынгері» әдеби  кешін өткізді.

  Әдеби кешке «Филология және журналистика» кафедрасының оқытушылары Махашов Б., Койгельдиева З., Ануарбекова А., Иматаева А.  және  кітапхана қызметкерлері, студенттер қатысты.
   Кітапханалық-ақпараттық орталығының көркем әдебиет секторының жетекшісі Нұргүл Сапарғалиқызы «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясының тарихына тоқталып, биылғы  2023 жылы "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында белгілі драматург,  жазушы, қоғам қайраткері - Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқуға ұсынылғанына тоқталып,  «Қарымды қаламгер -Төлен Әбдік»  атты кітап көрмесімен таныстырды.
   Кеш жүргізушісі «Филология және журналистика» мамандығының студенті Болатбек Салтанат Төлен Әбдіктің өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерін баяндады.  «Филология және журналистика» мамандығының студенттері: Альжева Снежана «Өліара», Заутбек Альбина «Жат перзент», Қуанышбекұлы Әкімжан «Оралу»,  Асылбек Әсем «Оң қол», Рахымбек Аяулым «Ақиқат», Әбдәлі Жаннұр «Тозақ оттары жымыңдайды», Кемелбаева Эльниза  «Бір күндік ашу» және «Электроэнергетика» мамандығының студенті Әбдібеков Нұрдәулет «Қарасын» атты шығармаларының мазмұндарына тоқталып, тыңдаушы оқырмандарға аталған шығармаларды оқуға кеңес берді.  
   «Мәдениет және өнер»   кафедрасының доценті, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сейілхан Асқарбек Ақылшаұлының шәкірттері: Әкім Сымбат, Бегманова Әсем, Бекмурзаева Мадина,Болат Аяулым, Қуанышұлы Данил, Орынбасар Бахтияр, Равшанова Айжана,    Расилхан Сабина, Сарыева Айдана, Сәбит Дана, Шаниярова Көркем драматург Төлен Әбдіктің «Оң қол»  шығармасы бойынша сахналық көрінісін ұсынып, көрерменнің ыстық ықыластарына бөленді.
   Төлен Әбдік прозамен қатар өлеңдер де жазған. Осы кезекте Қуанышбекұлы Әкімжан, Еңсебек Ақниет өлеңдерін оқып, Жексенбай Мөлдір атты студентіміз Төлен Әбдікке арналған арнауын оқыды. Рысқұлов Тұрар болса Төлен Әбдіктің «Бата»   деген өлеңімен әдеби кешімізді бата беріп аяқтады.                      
   Сөз кезегі құрметті ұстаздарға берілгенде «Филология және журналистика» кафедрасының аға  оқытушысы Махашов Бахытжан жазушының өмір жолына тоқталып, шығармаларында тіс бата бермейтін маңызды тақырыптар – парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелер қозғайтынын айтып өтті.
   Кеш соңында өнер көрсеткен  қатысушыларға алғыс хат тапсырылды.
   Баршаңызды Төлен Әбдіктің шығармаларын бірге оқуға шақырамыз!