«Парасат майданының жауынгері»
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие.
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.
Осыған орай 30 қараша күні Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығының көркем әдебиет секторы, № 1 оқу залының қызметкерлері және Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ФГҒФ-нің № 1 оқу залында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларына арналған «Парасат майданының жауынгері» әдеби кешін өткізді.
Қазақша
Русский
English