Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«Халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялау және журнал таңдау» семинар

   2024 жылы 17 сәуір күні Дулати университетінде кітапханалық-ақпараттық орталық пен Ғылым және коммерцияландыру бөлімі ұйымдастырған «Халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялау және журнал таңдау» -атты семинар өтті.
   Аталған іс-шараға Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Орынбаев С.Ә. бастаған профессорлық-оқытушылар  құрамы, ғылыми қызметкерлер және жас ғалымдар атсалысып бір ауыздан қатысты.
    Спикер ретінде Clarivate компаниясының CHГ елдеріндегі ресми өкілі, PhD - Кенжина Инеш Ерғазықызы шақырылды.
   Инеш Ерғазықызы - ғылымометрия маманы және ядролық-энергетикалық қондырғыларға арналған құрылымдық және функционалдық материалдар саласындағы зерттеуші. Оның ғылыми үлесі Web of Science Core Collection дерекқорында 74-тен астам мақаланы қамтиды.
   Инеш Кенжина Web of Science ғылыми платформасы туралы, халықаралық журналдарда мақалалар жариялау туралы әңгіме қозғап, бағалы ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, семинар барысында журналды жариялау үшін таңдаудың негізгі аспектілеріне тоқталып өтті:
   - Журналдарды ғылыми әсер ету критерийлері бойынша қалай бағалауға болады;
   - Мақсатты журналды таңдау үшін дәйексөз индексін және басқа көрсеткіштерді пайдалану жайлы;
   - Ғылыми қауымдастықтағы журналдардың open access рөлін түсіну.
   Кездесу тартымды әрі жоғары деңгейде өтті.
  Іс-шара қорытындысы бойынша университеттің ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары үшін ғылымометрия (наукометрия) және академиялық жазу бойынша вебинарлар мен шеберлік сабақтар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.