Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Хабарландыру!

Құрметті «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының
профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттары және студенттері!

   Сіздерді, 2024 жылдың 15-26 сәуір аралығында, сағат 10.00-17.00 кітапханалық-ақпараттық орталықтың №9 оқу залы ұйымдастырып отырған «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымымен, «Онлайн қызмет көрсету», «Зерттеушілерге», «Оқырмандарға», оқырман ретінде тіркелу жолдары және  т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINE, Scopus, Web of Science, Wiley Online Library - отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                        БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                №9 оқу залы (6.2 гидрокешен)