Яндекс.Метрика

                                                                                                                

«23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні»

   2024 жылдың  сәуір айының 23 күні  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында «23 сәуір-Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін» мерекелеу аясында  «Ғылым  айы -2024» қорытынды іс-шарасы өткізілді.
   Осыған орай, 01-22 сәуір аралығында кітапханада "Clarivate ", "CABI" компанияларының әлемдік рефераттық іздеу платформаларының өкілдерімен тренингтер мен вебинарлар; университет алаңдары мен оқу залдарының жаңа дизайнның көрсетілімі, #Кітапоқу_трендте- үздік бейнероликтер байқауы; «Қазақстан ғалымдары», «Бұл қалай аталады?» студенттерге арналған зияткерлік викториналар жарысы, «Автордың кітабы!» акциясы  өтті (авторлар қолтаңба қойылған өз кітаптарын кітапханаға тарту ), т.б.

    23 сәуір күні  өткен іс-шаралар:
   - Кітап баспаларының көрме-жәрмеңкесі: «Эпиграф», «Кemel kitap», «Дарын», «LANTAR BOOKS», «Qasym»  және т.б.
   - «Автор & баспа: face to face» (авторлардың Қазақстан баспаларының  өкілдерімен басылым, авторлық құқық және т.б мәселелер бойынша кездесуі);
   - «Тұғыры биік тұлғалар» тақырыптық кітап көрмесі;
   - «#ҒЫЛЫМ&ҒАЛЫМ:ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» - профессор Бұзаубақова  Клара Жайдарбекқызымен  кездесу-бенефисі (жеке бағдарлама).
   Дулати университетінің ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы  мерекелік іс-шараға келген қонақтар мен оқырман қауымды құттықтап, өз сөзінде: «Қазіргі таңда Қазақстанда 73 000 000  аса кітап қоры бар - 12 000-нан аса кітапханалар бар. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін мерекелеумен, еліміздегі адами капиталды сақтау мен арттырудағы кітаптың маңызды рөлін мойындаймыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқуға айрықша көңіл бөліп келеді. Ағымдағы жылы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент кітаптың маңыздылығын айтқанына тоқталып кетті.
   «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», - деп  көпшілікті кітап оқуға шақырды.
   Сөзінің соңында -«#Қазіргі тренд-кітап оқу!» бейнеролик байқау жеңімпаздары мен  Ғылым күніне арналған «Қазақстан ғалымдары», «Бұл қалай аталады?»  зияткерлік викториналардың жеңімпаздарын  және «Ең көп оқылатын кітап авторы-2024»  номинациясы бойынша авторды бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттап өтті. Баспа өкілдеріне және шақырылған қонақтарға да  алғыс хаттар  тапсырылды.
   Университет түлегі, «Алдай көрме сен мені»-атты жыр жинағының авторы, Республикалық «Алтын Тобылғы» әдеби байқауының Гран-При иегері, Мемлекеттік БАҚ және тіл байқауының жеңімпазы, Жамбыл облыстық "АR-AI" жастар газетінің тілшісі, ақын Шапағат Әбдірмен кездесу өткізді.         
  Өткізілген іс-шараға Дулати университетінің әкімшілігі, профессорлық-оқытушылар құрамы, кітап баспаларының өкілдерін БАҚ өкілдері, ақпараттық демеушілер, студенттер қатысты.