Ғылымиметрия бүгінде ғылыми ұйымдардың қызметін талдау мен бағалаудың, сондай-ақ зерттеулердің даму стратегиялары мен болжамдарын құрудың тиімді құралы болып табылады. Ғылымиметриялық зерттеулер жүргізу үшін ғылымиметриялық мәліметтермен жұмыс істеу білімі мен дағдылары бар мамандар қажет.
Осы мақсатта 2023 жылдың желтоқсан айының 11-нен 14 күндер аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті басшылығының қолдауымен, «Кадрлардың білііктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығының ұйымдастыруымен кітапханалық-ақпараттық орталықтың директор орынбасары Рыбалкина Н.В. және ДҚҮжКПА бөлімінің ІТ мамандары профессорлық-оқытушылар құрамына «Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар» атты 24 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді.
ӘДЕБИ АЙДАР
Дарыны дара, талантты жазушы Шыңғыс Айтматовқа - 95 жыл
2023 жылдың 13 желтоқсан күні белгілі жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай кітапханалық-ақпараттық орталықтың№6 оқу залының қызметкерлері және «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық», «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенттерімен «Дарыны дара, талантты жазушы Шыңғыс Айтматовқа - 95 жыл» атты прозалық кеш өтті.
Шыңғыс Айтматов – ғасырдан да ұзақ жасайтын кемеңгер жазушы. Қазақ пен қырғыздың әдеби мұрасын ортақтастырып, қаламының ұшына жан бітіре білген, сырға, мұңға толы шығармаларымен оқырманын бірден баурап алатын заңғарлы жазушы. Әдебиеттің ақсеңгірі – Шыңғыс Айтматовтың шығармалары шынайы әлеммен байланысты.
Студент қауым Ш.Айтматовтың шығармашылық әлеміне саяхат жасап, жазушы әлемі ізгілікке, ғаламға сыймайтын махаббатқа, барша тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілікке толы екендігіне тоқталып өтті.
Прозалық кеш өте тартымды, қызықты және әсерлі өтті. Жастардың белсенділігі, әдебиетке деген қызығушылығы қуантады.
16-желтоқсан- Тәуелсіздік нышаны
Құрметті оқырмандар!
16-желтоқсан - Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
Сіздерді 2023 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында, сағ.12:00 кітапханалық ақпараттық орталық ұйымдастырып отырған «Тәуелсіз елім — тірегім!» атты іс-шараға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты - еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың күрес жолын паш ету, студенттерге желтоқсан оқиғасына қатысқан жалынды жастарымыздың бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктерін үлгі етіп көрсету, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №10 түнгі оқу залы, Студенттер үйі (Жатақхана №1, 2-қабат).
КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
Қазақша
Русский
English