Просмотры 4,735

       

                                                                                                                

Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
   - 2024 жылдың 13-20 наурыз аралығында, сағат 10.00-17.00 «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институты.
   Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымымен, «Онлайн қызмет көрсету», «Зерттеушілерге», «Оқырмандарға», оқырман ретінде тіркелу жолдары және  т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат аласыздар.
   Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
                                                           БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
                                         Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
                                                              №8 оқу залы (6.1 гидрокешен)

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   Сіздерді онлайн іс-шараға қатысуға шақырамыз!
   6 наурызда сағат 11.00-де (15.00-де қайталау) Wiley Online Library барлығына ашық вебинар өткізеді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз.
   Тақырып: «Возможности Wiley Online Library» 
   Тіркелу сілтемесі:
https://events.teams.microsoft.com/event/4154a3bb-ee26-48b7-bb89-5641301bee56@24fe244f-890e-46ef-be2f-a5202976b7a5

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2024» АКЦИЯСЫ

Құрметті оқырман қауым!

   29 ақпан күні сағат 18.30-да Кітапханалық-ақпараттық орталық ұйымдастырып отырған, "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің класигі - Бердібек Соқпақбаевтың  «Қайдасың, Гауһар?»  шығармасына арналған дөңгелек үстел іс-шарасына шақырамыз!
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №11 түнгі оқу залы («Білімгерлер үйі», №2 Жатақхана, Қ.Сатпаев к-сі, 25) 
                                                                БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!