Хабарландыру!

Құрметті «Ақпараттық технологиялар» және «Технологиялық» факультеттерінің
студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы!

   Сіздерді 2023 жылдың 11-21 қазан аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың 2-оқу залы ұйымдастырып отырған «КАФЕДРАЛАР КҮНДЕРІНЕ» шақырамыз. Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен  таныса аласыздар.
    Өтетін орны: технологиялық кешен, 2-қабат, 2-оқу залы (10.00-17.00 сағ.)
                                             КЕЛІҢІЗДЕР! ТАНЫСЫҢЫЗДАР! КҮТЕМІЗ!

Хабарландыру!

Құрметті оқырмандар!

   Үстіміздегі жылы туғанына 100 жыл толып отырған майдангер-жазушы, көрнекті қаламгер Тахауи Ахтановтың проза, драматургия, әдеби сын салаларындағы туындылары –ұлттық сөз өнерінің құнды қазынасы. Соғыстан кейінгі жылдары әдебиетке келген ол үстінен сұр шинелі түспеген өзге әріптестері секілді аға буын қаламгерлердің шынайы қолдауына ие болды. Құлашын кең жайып, шығармашылыққа ден қойды. Кітапханалық-ақпараттық орталық жазушы жайлы «Шырағы сөнбеген кемел тұлға» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынады.

Хабарландыру!

«Ақпараттық және медиалық сауаттылықты арттыру» апталығы
Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,

магистранттар және 1-курс студенттері!

   Сіздерді,  09.10 – 20.10.2023  аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залында (6.1 гидрокешен) «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар және 1-курс студенттерін «Ақпараттық және медиалық сауаттылықты арттыру» тренингтеріне  шақырамыз.   
 Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Кітапханалық-ақпараттық орталықтың сайтымен http://lib.dulaty.kz және КАО Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету (ИРБИС64+), «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және қордағы дәстүрлі түрдегі құжаттардың көшірмелерін электронды түрде жеткізу сервисін пайдалану, қазақстандық, ресейлік электронды кітапханалар («РЖООАЭК», «IPR SMART», «Университетская библиотека ONLINE», «Параграф») мен шетелдік толықмәтінді дерекқорлармен таныстыру.