«БІР ЕЛ – БІР КІТАП - 2024» АКЦИЯСЫ

Құрметті оқырман қауым!

   Биылғы жылы  "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО шеңберінде 100 жылдығы аталып өтілетін - Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқимыз. Осыған орай, Сіздерді 9 ақпан күні сағат 12.00-де «Халқы сүйген қаламгер» тақырыбында өтетін  қазақ балалар жазушысы, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған ашық сұқбат алаңына шақырамыз.
   Республикалық акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,   №5 оқу залы (4.1 кампус, Төле би, 68) 

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Кітапханалық-ақпараттық орталық жыл сайын қаңтар айында оқырмандардың қолындағы кітаптарды қайта тіркеуден өткізуді ұйымдастырады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп немесе онлайн түрде http://lib.dulaty.kz қайта тіркеуден өткізулеріңізді өтінеміз.
         Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен), байланыс тел: 45-74-33
         Абонемент №2 (6.1 гидро кешен), байланыс тел: 52-68-77
         Абонемент №3 (5.2 педагогикалық кешен), байланыс тел: 45-74-33.

ЖАҢА 2024 ЖЫЛ!

   Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Жаңа 2024 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
    Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
   Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!
    Жаңа 2023 жыл мерекелі, берекелі болсын!