ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   28 наурыз күні сағат 16:00-де сіздерді медицина саласын қамтитын Cochrane Library деректер базасына арналған онлайн-іс-шараға қатысуға шақырамыз!
   Вебинар тілі: орыс/ағылшын
   Тіркелу сілтемесі:
https://register.gotowebinar.com/register/5744010809117245785

Наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

   Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
   Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
   Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
   Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Хабарландыру!

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2024 жылдың 26 наурыз күні сағат 10.30-да өтетін «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысының 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу мақсатында №6 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби пікірсайысқа шақырамыз!
   Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық, №6 оқу залы (5.2 педагогикалық кешен
                                                             БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!