АҚПАРАТ ЖӘНЕ КАФЕДРА КҮНДЕРІ

   2023 жылдың желтоқсан айының 11-15 күндер аралығында  «Су шаруашылығы  және табиғатты үйлестіру» институтының  профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдарға және  студенттерге кітапханалық-ақпараттық орталықтың  №8 оқу залында  (6.1 кампус) «Ақпарат және Кафедра күндері» өткізілді.
   Мұнда оқырман қауым білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отыра, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымымен, және  РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINE, Scopus, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts- отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорлармен т.б. мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.
   Сонымен қатар,  ЖШС «Азия газ құбыры» түлектері мен қызметкерлері  «Су шаруашылығы  және табиғатты үйлестіру» институтының  «Мұнай, газ және тау-кен ісі»  білім бағдарламасы бойынша  университет кітапхана қорына  21 аталымнан тұратын  185 дана  сыйға тартылған  кітаптарға шолу жасалды. 
   Кітапханалық-ақпараттық орталықтың директоры Г.Иржанова  ЖШС «Азия газ құбыры»  қызметкерлерінің  ізгі ниетіне ризашылығын білдіріп, кітаппен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті.  Оқытушылар қауымның білім бағдарламасы бойынша кітаппен қамтамасыз ету жолдары, мәселелері, сұрақтары талқыланды.   
   Алда осындай «Бетпе-бет» - «Диалог» - «Сұрақ-жауап» форматында  кездесулер көп болатындығына сенім білдірді. 

Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар

   Ғылымиметрия бүгінде ғылыми ұйымдардың қызметін талдау мен бағалаудың, сондай-ақ зерттеулердің даму стратегиялары мен болжамдарын құрудың тиімді құралы болып табылады. Ғылымиметриялық зерттеулер жүргізу үшін ғылымиметриялық мәліметтермен жұмыс істеу білімі мен дағдылары бар мамандар қажет.
   Осы мақсатта 2023 жылдың желтоқсан айының 11-нен 14 күндер аралығында  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  басшылығының  қолдауымен, «Кадрлардың білііктілігін арттыру және қайта даярлау» орталығының ұйымдастыруымен  кітапханалық-ақпараттық орталықтың директор орынбасары Рыбалкина Н.В. және ДҚҮжКПА бөлімінің ІТ мамандары профессорлық-оқытушылар құрамына «Заманауи білім беру және ғылыми қызметтегі электронды ресурстар мен ғылымиметриялық құралдар» атты 24 сағаттық  біліктілікті арттыру курстарын өткізді.   

Оқуды жалғастыру

ӘДЕБИ АЙДАР

 Дарыны дара, талантты жазушы Шыңғыс Айтматовқа - 95 жыл

   2023 жылдың 13 желтоқсан күні  белгілі жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат ойшыл гума­нист, данагөй, қазақ-қыр­ғызға ортақ халық жазушысы, Социа­листік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына орай кітапханалық-ақпараттық орталықтың№6 оқу залының қызметкерлері және «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық», «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенттерімен «Дарыны дара, талантты жазушы Шыңғыс Айтматовқа - 95 жыл» атты прозалық кеш өтті.
   Шыңғыс Айтматов – ғасырдан да ұзақ жасайтын кемеңгер жазушы. Қазақ пен қырғыздың әдеби мұрасын ортақтастырып, қаламының ұшына жан бітіре білген, сырға, мұңға толы шығармаларымен оқырманын бірден баурап алатын заңғарлы жазушы. Әдебиеттің ақсеңгірі – Шыңғыс Айтматовтың шығармалары шынайы әлеммен байланысты.
   Студент қауым Ш.Айтматовтың шығармашылық әлеміне саяхат жасап, жазушы әлемі ізгілікке, ғаламға сыймайтын махаббатқа, барша тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілікке толы екендігіне тоқталып өтті.
   Прозалық кеш өте тартымды, қызықты және әсерлі өтті. Жастардың белсенділігі, әдебиетке  деген  қызығушылығы қуантады.