Яндекс.Метрика

                                                                                                                

ВЕБИНАР!

Құрметті оқырмандар!
Сіздерді алдыңғы аптада өтетін вебинарлар кестесімен таныстырамыз.
Назар аударыңыз! Вебинарларға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

1. Begell House - инженерлік және биомедициналық зерттеулер топтамаларына арналған нұсқаулық
28 наурыз,сағ.15:00
https://us06web.zoom.us/j/87087833627?pwd=T2pKdWNUdy9iQlFhQzRGNVlUZElGUT09
2. World Scientific- Зерттеу мен оқытуға арналған World Scientific электрондық ресурстары
29 наурыз,сағ.15:00
https://us06web.zoom.us/j/81775548842?pwd=T0QxYTlkcGZHaFR3bThIc1FLTG8ydz09
3. Taylor&Francis -баспа өнімдері
30 наурыз,сағ.15:00
https://us06web.zoom.us/j/89557927343?pwd=eXRTNmQ5TWt0YkZjbnJCU0tENFlCUT09
4. McGraw-Hill - Access medicine платформасын пайдалануға шолу
31 наурыз,сағ. 15:00
https://us06web.zoom.us/j/85731320272?pwd=WVJsZXI5SFM1UWFzREsvdERBZXVSdz09      

 

Наурыз құтты болсын!

Құрметті әріптестер!

   Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
   Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
   Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз. Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
   Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

   М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне "CAB Abstracts" базасына қолжетімділік берілді. 
  CAB Abstracts-халықаралық сипаттағы ауыл шаруашылығы әдебиеттеріне ерекше назар аударатын қолданбалы өмір туралы ғылымдар бойынша библиографиялық мәліметтер базасы.
   CAB Abstracts: ағылшын тіліндегі ең толық мәліметтер базасы. Қамту саласы: биология, биохимия, ветеринария, су ресурстары, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қолданбалы экономика, тамақ өнеркәсібі және т.б.