Біз акцияның басталғанын жариялаймыз:
«Автор кітабы!»
Авторлардың өздері кітапханаға кітаптарын береді.
Сыйлық алу әрқашан керемет!
Кітапханашылар үшін де, оқырмандар үшін де кітапхананың кітап қорын толықтыру әрқашан қуанышты оқиға!
Ал егер қолтаңбалары бар кітаптарды авторлардың өздері сыйлыққа әкелетіні болса, тіпті керемет!
03.04.2024 ж. -22.04.2024 ж. аралығында акцияның басталатыны туралы хабарлаймыз.
Үздік бейнеролик байқауы!
Қазіргі тренд-кітап оқу!
Құрметті кітапсүйер қауым!
«23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» аясында Кітапханалық-ақпараттық орталық 2024 жылдың сәуір айының 01-22 күндер аралығында оқырмандар арасында «Қазіргі тренд-кітап оқу!» байқауын жариялайды.
Байқау шарттары:
- lib_du (Instagram), lib.DU (Facebook), lib_du (ВКонтакте) әлеуметтік парақшаларына жазылу, репост жасау және LIKE басу;
- әлеуметтік парақшаларында посттар жариялау;
- 1 мин дейінгі кітап туралы бейнеролик дайындау;
- Дайындалған бейнематериалды өз Instagram парақшасына #ЧитатьэтомодноDU, #Қазіргітренд_кітапоқу хештегімен белгілеп салу.
23 сәуір күні – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған іс-шарада, байқау қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар марапатталады.
Сіздерге шығармашылық шабыт тілейміз!
ВЕБИНАР!
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
EDP Hub ұлттық баспасы IPR MEDIA халықаралық баспасының ресми серіктесімен бірлесіп, Сіздерді авторлар мен зерттеушілер үшін «Публикационная активность вуза и преподавателя: возможности для бесплатного издания и переиздания научных трудов» тақырыбы бойынша арнайы онлайн-кездесуге шақырады!
Іс-шара 2024 жылғы 4 сәуірде, сағат 15:00-де өтеді.
Тіркелу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/meeting/register/tZUsduyspz0pH9VMcaINkRyWAnm0ZLtuKB4a
Онлайн-кездесу ғылыми еңбектерін қысқа мерзімде жариялауға мүдделі авторларға пайдалы болады.
Әрбір тіркелген қатысушы сертификат алады!