12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күні!

Құрметті достар, әріптестер, құрметті ғалымдар!

  Бүгін ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн. Ғылым саласында өнімді еңбек атқарып келе жатқан барша ғалымдарды осы бір ерекше мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
  Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, Қазақстанның қарқындап дамуына үлес қосатын жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

Зияткерлік викториналық жарыс

   Құрметті  оқырман!
   «23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» аясында  Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2024 жылдың сәуір айының 12-22 күндер  аралығында  оқырмандар арасында:
   - «Кітап тарихы және Қазақстан ғалымдары», 
  - «Бұл қалай аталады?» - атты зияткерлік викториналық сұрақтар жарысын жариялайды.
 Сіздер, https://forms.gle/YMixzkyGf4T1qzsy6 (googl.doс) сілтемесі арқылы өтіп, жауап беруіңізге болады.
   Ең үздік және зерек оқырман компьютер арқылы анықталып, 23 сәуір күні - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне арналған іс-шарада, байқау қорытындысы бойынша бағалы сыйлықпен және Алғыс хатпен марапатталады.
              Барлығымыз атсалып, алғырлық танытайық! 

ВЕБИНАР!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

   E-UNI.KZ білім беру платформасын әзірлеуші  және оқулықтар мен кәсіби әдебиеттерді  басып шығаратын  баспа болып табылатын - «EDP Hub (Идипи Хаб)» ЖШС компаниясы- жаңа білім беру платформасын тексеріп, баға беру мақсатында  -  19.04.2024 жылға дейін Дулати университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер үшін  https://e-uni.kz/ ресурсқа тестілік қол жетімділікті ұзартты.  
   Сіздер https://e-uni.kz/ ресурсқа баға беру алдында  вебинарға қатысуларыңызды сұраймыз!
   ВЕБИНАР  ӨТЕТІН КҮНІ -  05.04.2024 г. 15.00-де.
   Тіркелу сілтемесі: 
https://us05web.zoom.us/j/83984418614?pwd=DsAFi9T5yZav9WjnKqnJFknaoeozo0.1
   Конференцияның  идентификаторы: 839 8441 8614
   Кіру коды: 9CZq6s
   Тіркелгеннен кейін электрондық поштаңызға конференцияға кіру туралы ақпаратты қамтитын растау хат аласыз.

Оқуды жалғастыру