"еркін" зоналар

"АҚПАРАТТЫҚ-КІТАПХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ" БӨЛІМІ

 "CREATIVE ZONE"

  "COWORKING ZONE" 

 

 "Open space" форматтағы "тыныш" және "еркін"  зоналар: 101-"ОҚУ АЙМАҒЫ", 102-"Интернет аймағы", 103-"топтық жұмыс зонасы", 104-"демалу аймағы".

Ғылыми-библиографиялық қызмет секторы:

  1. Пайдаланушыларға дәстүрлі және электрондық анықтамалық-библиографиялық аппарат негізінде ғылыми-библиографиялық қызмет көрсетеді;
  2. Библиографиялық жазбаларды енгізеді,тексереді және түзетеді;
  3. Толық мәтінді деректер қорын құрады;
  4. Ақпаратты іріктеп тарату жүйесінде және басшыларға саралап қызмет көрсету жүйесінде ақпараттық-библиографиялық жұмыстар жүргізеді;
  5. Университет профессор-оқытушы құрамының мақалалары мен еңбектерін толық мәтіндерін және өлкетану материалдарын ЭК енгізу жұмыстарын үнемі жетілдіреді;
  6. Библиографиялық көрсеткіштер , жаңадан түскен әдебиеттер тізімін құрастырады;
  7. Пайдаланушыларды толық және жедел анықтамалық-билиографиялық ақпаратпен қамтамасыз етеді;
  8. Әдебиеттердің тақырыптық және ашық көрмелерін ұйымдастырады;
  9. Дәстүрлі библиографиялық анықтамалар мен виртуалды анықтамаларды орындайды;
  10. Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын пайдалану жөнінде кеңестер береді;
  11. Сектордың негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық есебін жүргізеді және есеп береді;
  12. Ғылыми-библиографиялық жұмыстар жүргізеді;
  13. Ақпараттық библиографиялық қызмет көрсету түрлерін кеңейтеді және олардың сапасын техникалық жаңғыртулар негізінде жоғарылатады, кітапханалық-ақпараттық үрдістерді компьютерлендіруді жетілдіреді;
  14. Орындалған анықтамаларға талдау жасау және орындалмау себептерін анықтау;
  15. Кітапхананы дамыту және көрсететін қызмет түрлерін жетілдіру жобаларына қатысады;
  16. Сектор қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге ықпал ететін іс-шаралар ұйымдастырады.

Қорды ұйымдастыру және сақтау бөлімі

    Қорды ұйымдастыру және сақтау бөлімінің міндеттері:

    -кітапхана қорын ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыру, оның қалыптасуын, мониторингін, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
    -пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтау, зерттеу және талдау;
    -бөлім қорының құрамына кіретін құжаттарға оқырмандардың сұраныстарын жедел қанағаттандыру;
    -КАО қорларын сақтау және пайдалану режимін бақылау;
    -«ОPEN SPACE» форматында пайдаланушылардың қорды тиімді пайдалануы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
    -университеттің оқу және ғылыми қызметінің бағыттарына сәйкес студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы үшін кітапханада және қашықтықтан толық және жедел анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру;
    -ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету нысандары мен әдістерін жетілдіру.
   КАО-тың Қорды ұйымдастыру және сақтау бөлімінің құрылымы:
   -Пайдаланушыларды қолдау секторы;
   -Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету секторы.

   Пайдаланушыларды қолдау секторының міндеттері:
   -тақырыптық көрмелер мен кітап қорларының көмегімен кітапхана қорын ашу;
   -кітапханаға оқырмандар үшін ең өзекті және пайдалы электрондық ресурстарды тарту және оларға тұрақты немесе тестілік қолжетімділікті қамтамасыз ету;
   -әртүрлі ақпарат құралдарында анықтамалық-ақпараттық басылымдар жинағын қалыптастыру;
   -кітапхана пайдаланушылары арасында ақпараттық мәдениет пен медиасауаттылық деңгейін қалыптастыру және жетілдіру;
   -дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда пайдаланушылардың ақпараттық және медиа сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-танымдық іс-шараларды (тренингтер, дәрістер, семинарлар) ұйымдастыру және өткізу.

    Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету секторының міндеттері:
   -ғылыми-библиографиялық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру;
   -кітапхана сайтында орналастырылған виртуалды анықтамалық қызметті үйлестіру;
   -ақпараттық-коммуникациялық технологиялар базасында сектор жұмысын жаңғырту, заманауи анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету жүйесін құру;
   -анықтамалық-іздестіру аппаратын ұйымдастыру және сүйемелдеу;
   -оқырмандардың кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық мәдениетін арттыру;