Еліміздің болашақ, елеулі азаматын, рухани және кәсіби тұрғыда жан-жақты жетілген жеке тұлға ретінде даярлап, студенттердің өзіне деген сенімін арттырып, іс –әрекетін демеп, креативті қабілетін қалыптастыру мақсатында Дулати университетінің кітапхана қабырғасында "CREATIVE ZONE" атты ынталандыру шығармашылық аумағы есігін айқара ашуда. Мұнда интеллектуалды дамыған белсенді жас қауым сана-сезімін мазалайтын сұрақтарға мотивациялық әдебиеттерден жауап тауып, өмірдің мәні және кез-келген жетістікке жетудің жолын табады.