Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
EDP Hub баспасы вебинарға шақырады!
📅 Іс-шара күні: 2025 жыл 14 наурыз
⏰ Уақыты: 15:00 (Алматы)
🎁 Әрбір тіркелген қатысушы сертификат алады!
EDP Hub баспасының Қазақстандағы авторларымен жұмыс жөніндегі маманы Гүлжауар Бикжанова:
- IPR SMART ЭБЖ-де мазмұн қалай толықтырылады;
- ЖОО авторларымен жұмыс қалай құрылды;
- "Global SciCall: жаңа білім Қоры"баспа байқауы қалай өтті;
- неліктен Университет кітапханасы сапалы контент құрудағы негізгі идеолог болып табылады.
IPR MEDIA компаниялар тобының даму жөніндегі директоры Кутуева Вита маңызды тақырыптарды талқылайды:
- IPR smart ЭБС бойынша 1-қосымшаны қалай тез толтыруға болады (негізгі нұсқадағы ЭБС бойынша мазмұн құрамы мен саны бойынша толтырылған қосымша — барлық қатысушыларға сыйлық ретінде);
- дайындық бағыттары бойынша жаңа басылымдар;
- аударма басылымдарымен жұмыс;
- баспа VS электрондық басылымдар;
- Қазақстандағы басқа баспалармен ынтымақтастық;
- IPR SMART EBS даму перспективалары & E-UNI.KZ.
Тіркелу сілтемесі: https://ipr-vebinar.ru/smart-kz-big-update
Құрметті ханымдар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.
Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз.
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Кітапханалық – ақпараттық орталық Сіздерді, №2 оқу залы қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күніне» шақырамыз!
-2025 жыл 5 мен 17 наурыз аралығында «Ақпараттық жүйелер», «Автоматизация және телекоммуникация», «Қолданбалы информатика және бағдарламалау», «Қолданбалы математика және физика» кафедраларына;
-2025 жыл 17 мен 31 наурыз аралығында «Тамақ өндірісі және биотехнология», «Текстиль, материалтану және стандартизация», «Дизайн және сән индустриясы», «Химия және химиялық технология» кафедраларына.
Іс-шараның мақсаты - білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныстыра отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
Өтетін орны:тех.кешені, 2-қабат, оқу залы.
Уақыты:9.00-17.00 сағ.
Құрметті оқырмандар!
Дулати универсиетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы және «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттерінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың ақпан айының 27 жұлдызында, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының аясында ұйымдастырылған «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеші өтті.
2025 жыл – кітап оқу жылы болып жариялануына орай, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы ашылды. Жоба арқылы өңір жастарын кітап оқуға баулып, келешек ұрпақты тәрбиелеу процессіне үлес қосу – басты мақсат.
Кештің мақсаты: Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығын жастарға танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Абай мұрасын кеңінен насихаттау арқылы жастардың қазақ мәдениеті мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, көркемсөздің терең мәнін ұғындыру, ұлттық өнер мен дәстүрді жаңғырту.
Әдеби-сазды кешке «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушылары Куненова П.С., Молдазимова А. және кітапхана қызметкерлері, студенттер қатысты.
Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторының меңгерушісі Нұргүл Сапарғалиқызы сөз алып, тәуелсіз еліміздегі барлық дүниені Абайдың даналығымен байланыстыру керектігін тілге тиек етті. Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмірімен таныстыра отырып, «Абайдың асыл мұрасы» атты кітап көрмесін назарға ұсынды.
Әдеби-сазды кеш Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдпен сүйемелденді. «Мәдениет және өнер» кафедрасының білімгерлері Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін, аудармаларын және поэма үзінділерін жатқа оқып, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, «Желсіз түнде жарық-ай», «Көзімнің қарасы» әндері (хор) орындалды. Көрермендерге Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтар қойылды. Кеште ұлы ақынның өнегелі өмірі, даналығы көрерменге кеңінен таныстырылып, рухани асыл мұралары насихатталды.
Кеш соңында ұйымдастырушылар сөз алып, ақынның туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, ізгілікке жетелейтіні жайлы сөз қозғады. Өнер көрсеткен қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, университет басшылығының атынан «Алғыс хат» табыстады. Ақын мерейтойының аясындағы тағылымды шаралар кітапханаларда алдағы уақытта да жалғаса бермек.
Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар!
Сізді Elsevier ұсынған Scopus вебинарларына шақырамыз (ағылшын тілінде):
Сәрсенбі 5 наурыз, сағат 15.00 - Discover promising research topics in SciVal
Сәрсенбі 19 наурыз, сағат 15.00 - Literature search in Scopus
Тіркеуге сілтемелер әр іс-шараның атауында белгіленген. Іс-шараның тілі-ағылшын тілі.
Спикер: Антон Дегтев, Elsevier ғылыми-зерттеу шешімдері бойынша кеңесші.
Ағылшын тіліндегі басқа Elsevier вебинарлары –https://www.elsevier.com/hubs/central-and-eastern-europe-customer-hub және Researcher Academy

Құрметті оқырмандар!
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке - Алғыс айту күні! Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке, баршаңызға болаттай берік денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!
16 Ақпан 2026
9