Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №8 оқу залының қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Ақпарат күндері» және «Кафедралар күндеріне» шақырамыз!
- 2025 жылдың 04-11 ақпан аралығында, сағат 10.00-17.00 «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Әлем тілдері» кафедраларына.
Мұнда сіздер білім бағдарламалары бойынша жаңа келіп түскен дәстүрлі және электронды әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен, ИРБИС64+ электронды каталогтан мәлімет алу жолдарымен таныса отырып, кітапхана сайтының http://lib.dulaty.kz/ құрылымы туралы мағлұмат аласыздар.
Сонымен қатар, Сіздер: РЖООАЭК (РМЭБ), Параграф, IPR SMART, Университетская библиотека ONLINЕ, Web of Science, Wiley Online Library, CAB Abstracts-отандық және шетелдік толықмәтінді дерекқорларымен танысасыздар.
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
№5 оқу залы (4.1 педагогикалық кешен)
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді, 2025 жылдың 30 қаңтар күні Кітапханалық-ақпараттық орталықтың №1 оқу залының қызметкерлері ұлттық құндылықтарды насихаттау аясында «Ұлттық құндылық-ұлт қазынасы» атты тақырыптық кешіне шақырады!
Өтетін орны: Кітапханалық-ақпараттық орталық,
103 аудитория (2.6 кешен)
Уақыты: 11.00
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба.
Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Жоба аясында осы жылдар ішінде мыңдаған түрлі форматта кездесулер, көрмелер, жаңа технологиялық ақпараттар арқылы виртуальды көрмелер, сайттар, челлендждер, байқаулар ұйымдастырылып, оған миллиондаған аудитория тартылды. Құрамында елімізге белгілі ақын-жазушылар мен журналистер, кітапханашылары бар акцияның ұйымдастыру комитеті жылда отырыс өткізіп, өңір кітапханаларынан келген ұсыныстар мен оқырмандардың талғамын ескеріп, қазақ әдебиетінде есімі ұмытылып бара жатқан немесе мерейтойы тұспа-тұс келетін қаламгер шығармасын жыл бойы ел болып оқуға таңдайды.
2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан бастаған акция бүгінде қазақ әдебиетінің ең таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келді.
2025 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау барысында комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды, облыстық кітапханалар, оқырмандар және зиялы қауым өкілдері ұсынған шығармалар мен авторлар ескерілді. Оның ішінде биылғы Жеңістің 80 жылдығына орай майдан тақырыбына қалам тербеген авторлардың шығармалары, биыл мерейтойлары аталып өтетін қазақ қаламгерлерінің туындылары және барлық жастағы оқырмандардың сұранысын қанағаттандыратын кітаптар мен кітап авторлары ұсынылды.
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді "Access Engineering" платформасының мазмұны мен жұмысы бойынша вебинарға шақырамыз. Іс-шарада McGraw Hill компаниясының жаттықтырушысы Access Engineering студенттер мен оқытушыларға оқу процесі мен зерттеу жұмыстарына қалай көмектесетіні туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
- 23 қаңтар сағат 15.00-де
Тіркелу сілтемесі:
https://maholding-ch.zoom.us/meeting/register/kBc5gVJORl6O6rF6CW-oLQ
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!
Кітапханалық-ақпараттық орталық жыл сайын қаңтар айында оқырмандардың қолындағы кітаптарды қайта тіркеуден өткізуді ұйымдастырады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп немесе онлайн түрде http://lib.dulaty.kz қайта тіркеуден өткізулеріңізді өтінеміз.
Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен), байланыс тел: 45-74-33
Абонемент №3 (5.2 педагогикалық кешен), байланыс тел: 45-74-33.

Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа 2025 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!
Жаңа 2025 жыл мерекелі, берекелі болсын!
16 Ақпан 2026
8