тел: 8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Дс.-Жм. 9.00 - 18.00

  18 наурызда,  елімізде ұлттық киім күніне орай Кітапханалық – ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы мен «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты «Ұлттық киім» күнін өткізді. Дулати университетінің мұражайында өткен іс-шараға студенттермен қатар университет мұражайының меңгерушісі А.Калабаева және Персоналды басқару қызметінің қызметерлері қатысты.
   Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.
   Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
   Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететінін де айта кеткен жөн.
   Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих.Іс-шараның мақсаты - қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. Осы бағытта жұмыс атқарып жатқан ұлттық киім дизайнерлерінің туындыларын халыққа кеңінен насихаттау, сондай-ақ сән әлеміне интеграциялауға ықпал ету.

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

Спикер: Кошелев Александр Анатольевич, IPR media компаниялар тобының білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, әлеуметтік. ғылым канд. , доцент
Тіркеу: https://ipr-vebinar.ru/smart-unlock-the-possibilities

Indexing and Abstracting | Journal of Chemical Health Risks

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді Elsevier ұсынған Scopus вебинарларына шақырамыз:
Дүйсенбі, 17 наурыз, 16:00 — Основы Scopus: поиск научной литературы и журналов, базовые метрики
Сейсенбі, 18 наурыз, 16:00 — Поиск литературы в Scopus: Углубленный вебинар
Сәрсенбі, 19 наурыз, 15:00 – Literature search in Scopus (In English)
Бейсенбі, 26 наурыз, 16:00 — Авторские профили в Scopus: витрина ваших научных достижений
  Спикер: Антон Дегтев, Elsevier ғылыми-зерттеу шешімдері бойынша кеңесші.

Secretaria de Relações Internacionais | Office of International Relations

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  13 наурыз сағат 14:00-де зерттеушілерге ақпаратты бақылауға және талдауға көмектесуге арналған Scival Аналитикалық платформасының вебинары өтеді.
  Тіркелу сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_ZWNkMWU5YjgtOTJjOC00Zjk2LWI0MTEtZWYyM2JkZmJhMzBj%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%229274ee3f-9425-4109-a27f-9fb15c10675d%22%2c%22Oid%22%3a%22877ebfd5-a7b5-4570-9239-3c69cb1bba73%22%7d 
  Конференция идентификаторы: 284 146 211 48
  Кіру коды: VQ737po9

  Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді  2025 жылдың 14  наурыз  күні  сағ. 11-00-де өтетін «Алашорда ici. 1920-1940 жж. құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жиынтығының жарық көруін ақпараттық қолдау іс-шаралар жоспары бойынша  «ББ Тарих және география» кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталықтың көркем әдебиет секторы қызметкерлері ұйымдастырып отырған «Азаттық аңсаған – Алаш  арыстары» атты облыстық  ғылыми-тәжірибелік семинарға шақырамыз!
   Өтетін орны: Мәжіліс залы  301 (2.1 технологиялық кешен, Төлеби-60) 
                                                 БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

CAB Abstracts ғылыми-ақпараттық ресурстар бойынша онлайн тренинг!
Күні: 12 наурыз 2025 ж
Уақыты: 15:00
Вебинарға сілтеме: CAB Absracts| Microsoft Teams | Кездесуге қосылу