8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Mon.-Fri. 9.00 - 18.00

  Батырдың ерлігі -  ұрпаққа өнеге

          2025 жылдың 24 сәуірінде Кітапханалық-ақпараттық орталық  пен «Филология және журналистика» білім бағдарламасының оқытушыларының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас» романы оқылып, қызу талқыланды.   Іс-шараның мақсаты -  жастарды кітап оқуға баулып, патриоттық сананы қалыптастыру, рухани тәрбиені ұлттық негізде дамыту.
   «Москва үшін шайқас» романы - қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған алғашқы шығарма, әскери мемуар.
   Іс-шара Жеңіс саябағында «Даңқ» залында өтті. Іс-шараның қонағы – Бауыржан Момышұлының немере інісі Бекет Момынқұл батырдың ерлігі жайында танымды әңгімелерімен бөлісті. 
   М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті “Бауыржантану” орталығының аға-ғылыми қызметкері Найзабаев Әлімбай Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» романын студенттерге қызықты етіп, мазмұнын ашып берді. «Автор ащы да ауыр өмір шындығын жасырмайды. Мұнда ойдан шығарылған оқиғалар немесе ойдан шығарылған кейіпкерлер жоқ. Бұл адамның көз алдында болған оқиғаларды өз көзімен көргені, не болғаны туралы шығарма»-деп ойын түйіндеді.
   Өз кезегінде студенттер аса қызығушылық танытып, өздері де кітап жайлы ойларын бөлісіп, сұрақтарына жауап алып отырды.  «Филология және журналистика» білім бағдарламасының 2 курс студенті Әкімжан Қуанышбекұлы «Москва үшін шайқас» романынан үзіндіні   сарбаз образында аса тербеніспен  оқыды. Барша қауым шайқас  кезеңін көз алдарына елестеткендей болды.
         Іс-шара өте тартымды әрі қызықты өтті.

   «Ғайни ақынның әлемі»

    М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығында  «23-сәуір-Ұлттық кітап күніне» орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «#КітапОқыТрендтеБол»  атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шара барысында   халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның ақпарат саласының үздігі, ҚР мәдениет саласының үздігі, «100  қайраткер әйел» анықтама-энциклопедиясына енген Ғайни Әлімбекқызының студенттермен  «Ғайни ақынның әлемі»  атты әдеби кеш өтті.

    Жалпы Ғайни ақын Әулие-ата өңірінің тумасы, «Ақша бұлттар арасында арман бар», «Көңілімде боздап тұрды бозінген», «Жыр-айна», «Қарлығаштар мекені» және «Сен берген гүл» атты өлеңдер жинағының авторы, «Азия дауысы», «Жас қанат» халықаралық байқауларының лауреаты, Жамбыл облыстық телевидениясында 30 жыл қызмет атқарған, қазіргі таңда «Taraz24» телеарнасында «Биіктік» бағдарламасының редакторы қызметін атқарады.
    Іс-шараның негізгі мақсаты  – жастардың әдебиетке, журналистикаға деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар шығармашылық тұлғамен еркін сұхбаттасуға мүмкіндік беру болып табылады. Сондай-ақ, кездесуге «Филология және журналистика» кафедрасының студенттерімен бірге профессорлық-оқытушы құрамынан Әлім Майра - «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы;  Құламанова Зиба Абдуллақызы - профессор, филология ғылымдарының кандидаты; Мұқашев Темірбай Алиұлы –доцент, филология ғылымдарының кандидаты; Махашов Бақытжан Маханұлы - «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы және Дулати университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы  басқарған  кітапхана ұжымы қатысты.
    Әдеби кеште  Ғайни Әлімбекқызы өзінің алғашқы шығармашылық қадамдары, журналистикадағы жолы, поэзияға деген махаббаты туралы әсерлі әңгімесімен бөлісті, студенттерге шабыт пен шаттықты қалай табуға болатыны, сөз құдіретін сезіну, қоғаммен байланыс орнату сынды  тақырыптарда пайдалы кеңестер берді.  Студент жастар ақынның жүрек тербер өлеңдерін оқып, өздерінің жүрекжарды көкейлеріндегі  сұрақтарын қойып, жан-жақты пікір алмасты.  Бірі ақынға шабыт сыйлайтын не екенін білгісі келсе, екіншісі жазған кітаптары жайлы сұрақ қойды, ақын жолының соқпақтары мен әдебиет пен журналистикаға қатысты ойларымен бөлісті.
Ақынымыздың өлеңдерін, оның ішінде  «Отан», «Көне Тараз – қарт шежіре абызым», «Жеттің бе, көктемім?!», «Үміттің жағып шамын» атты өлеңдерін    Қуанышбекұлы Әкімжан, «Қазақ филологиясы» мамандығынің  2- курс студенті, Тынышбек Ақылбек , «Қазақ филологиясы» мамандығының  1 -курс студенті,  Ораз Айгерім,  «Конвергенттік журналистика» мамандығының 1- курс студенті,  Батырбек Айнара, М.Х.Дулати университетіне қарасты Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің 1- курс студенті  орындады  және Қуанышбекұлы Әкімжан Ғайни аруға өз арнауын жеткізді.
    Кездесу соңында Кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры  Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы қадірменді қонағымыз  Ғайни Әлімбекқызына университет басқармасы атынан Алғыс хат тапсырып, дән ризашылығын білдірді. Рухани бай, әсерлі өткен бұл жүздесу қатысушылардың жүрегінде ұзақ сақталады деген сенімдеміз, «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясындағы  іс-шаралар жалғаса бермек.

Құрметті университет оқытушылары!

«GLOBAL SCICALL: ЖАҢА БІЛІМ ҚОРЫ»- атты ІІІ Ұлттық басылымдар байқауы басталды.
Оқулықтар мен монографиялар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады.  
Байқау және тіркелу туралы толық ақпарат мына сілтемеде: https://globalscicall.edp-hub.kz/   
Байқауға қатысу ТЕГІН!
Байланыс:
“EDP Hub” (Алматы) Халықаралық Баспа  және IPR MEDIA (Москва)
WhatsApp: +7 917 989 86 86
Почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Жауапты тұлға: Гульжауар Бикжанова