8 (7262) 45 74 33 
lib@dulaty.kz
 
Mon.-Fri. 9.00 - 18.00

Құрметті университет оқытушылары мен жас ғалымдары!

 2025 жылдың 15 мамыр күні  сағат 15:00-де  ҚР ПРОФЕССОРЛЫҚ-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА   арналған  ЖАҢА ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ БАЙҚАУЫНА  қатысу       мүмкіндіктері туралы  СЕРТИФИКАТТАЛҒАН вебинар өтеді!
Тіркелу мына сілтеме бойынша:  https://ipr-vebinar.ru/edp-globalscicall-2025
Жауапты тұлға: Гульжауар Бикжанова -“EDP Hub” (Алматы) Халықаралық Баспа  және IPR MEDIA (Москва) маманы
WhatsApp: +7 917 989 86 86
Почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Вебинарға  қатысу ТЕГІН!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес, ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – мерекенің жемісі. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
   Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз! Отан үшін от кешкен аталарға тағзым етеміз!

Құрметті достар!

               

Сіздерді 1мамыр – Қазақстан халқының достығы   және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 

    Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен   патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
  Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық – бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып    табылады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа  кенелсін!