Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
2025 жылғы 5 маусым сағат 15:00-де вебинар өтеді!
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі!
Спикер: Гүлжауар Бикжанова — Қазақстандағы авторлармен жұмыс істеу бойынша EDP Hub жетекші маманы.
Вебинарда талқыланатын тақырыптар:
- Жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары үшін білімді цифрландыру тренді нені білдіреді;
- Публикациялық белсенділік қалай бағаланады және электрондық жарияланымдардың артықшылықтары қандай;
- Неліктен кітапханалар цифрлық форматқа көшеді және бұл білім таратуға қалай әсер етеді;
- III Ұлттық «Global SciCall: жаңа білім қоры» жарияланымдар байқауына қалай қатысуға және байқауға сәтті жұмыс дайындауға болады.
Тіркелу сілтемесі:
https://ipr-vebinar.ru/edp-hub-publication-activity
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!
Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Clarivate вебинарларына қатысуға шақырамыз.
3 маусым
Тақырыбы: Журнал форматына сай жұмысты EndNote көмегімен рәсімдеу
Тезистер: Вебинарда ғылыми журналдарда әдебиеттер тізімін рәсімдеу форматтарын қарастырамыз. EndNote референс-менеджері деген не, қалай жұмыс істейді және оны қалай баптауға болады. Өз коллекцияңызды қалай құру және толықтыру қажет. Жұмысты берілген форматқа сай рәсімдеу үшін Cite While You Write™️ құралын пайдалану. Таңдалған басылымда әдебиеттер тізімі қандай форматта рәсімделетінін қайдан білуге болады. Сұрақтарыңызға жауап береміз.
Уақыты: 14:00
Тіркелу:
https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_jP2hXi_4SnCN8T09m2YHOg
16 February 2026
13