Хабарландыру!

Құрметті  профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!

  Сіздерді "Access Engineering" платформасының мазмұны мен жұмысы бойынша вебинарға шақырамыз. Іс-шарада McGraw Hill компаниясының жаттықтырушысы Access Engineering студенттер мен оқытушыларға оқу процесі мен зерттеу жұмыстарына қалай көмектесетіні туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Тіркеліңіз, пайдалы ақпарат алыңыз:
   - 23 қаңтар сағат 15.00-де
   Тіркелу сілтемесі:
   https://maholding-ch.zoom.us/meeting/register/kBc5gVJORl6O6rF6CW-oLQ

Хабарландыру!

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

   Кітапханалық-ақпараттық орталық жыл сайын қаңтар айында оқырмандардың қолындағы кітаптарды қайта тіркеуден өткізуді ұйымдастырады. Осыған байланысты үйге пайдалануға алған кітаптарыңызды кітапханаға келіп немесе онлайн түрде http://lib.dulaty.kz қайта тіркеуден өткізулеріңізді өтінеміз.
         Абонемент №1 (2.1 технологиялық кешен), байланыс тел: 45-74-33
         Абонемент №3 (5.2 педагогикалық кешен), байланыс тел: 45-74-33.

ЖАҢА 2025 ЖЫЛ!

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
   Жаңа 2025 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
    Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
   Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!
    Жаңа 2025 жыл мерекелі, берекелі болсын!