ВЕБИНАР!

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар!

Сізді Elsevier ұсынған Scopus вебинарларына шақырамыз (ағылшын тілінде):
Сәрсенбі 5 наурыз, сағат 15.00 - Discover promising research topics in SciVal
Сәрсенбі 19 наурыз, сағат 15.00 - Literature search in Scopus
Тіркеуге сілтемелер әр іс-шараның атауында белгіленген. Іс-шараның тілі-ағылшын тілі.
Спикер: Антон Дегтев, Elsevier ғылыми-зерттеу шешімдері бойынша кеңесші.
Ағылшын тіліндегі басқа Elsevier вебинарлары https://www.elsevier.com/hubs/central-and-eastern-europe-customer-hub және Researcher Academy

1 наурыз - «Алғыс айту күні»

Құрметті оқырмандар!

   Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке - Алғыс айту күні! Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы.
   Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке, баршаңызға болаттай берік денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Хабарландыру!

АБАЙ  ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ  ТУҒАНЫНА  180  ЖЫЛ

Құрметті оқырман қауым!

   Сіздерді 2025 жылдың ақпан айының 27 жұлдызында, сағ. 14.00-де Қазақтың ұлы  ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасының аясында ұйымдастырылған «Абай - дана, Абай - дара қазақта!» атты әдеби-сазды кешіне қатысуға шақырамыз!
   Сонымен қатар  «Абайдың асыл мұрасы» атты кітап көрмесін ұсынамыз.
   Өтетін орны:  КАО, оқу залы №4 (1.2 кешені, ЭжҚФ)
 Ұйымдастырушылар: Дулати универсиетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының Көркем әдебиет секторы  және «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттері.