Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!
Кітапханалық-ақпараттық орталықтың кітап қоры «Алашорда ісі.1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жинақпен толықтырылды.
Көптомдықта ғасырға жуық мерзім ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі Істер министрлігінің, Бас прокуратурасының архив қорларында жабық түрде сақталып келген «Алашорда-Қазақ» мемлекеттігі үшін күрес жолында мерт болған қайраткер тұлғалар мен олардың отбасы мүшелері үстінен жүргізілген тергеу материалдары мүмкін болғанша толық күйде берілген.
Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігер 2 жылға жуық жазылған. Осы уақыт ішінде 35 тарихшы ғалым, археографтар мен архившілер 688 мыңнан астам құжатты жинақтап, жүйеге келтірген. Оның ішінде бұрын жарияланбаған 3000-нан астам құжат және фотосурет бар.
Жинақ тарихшыларға,ЖОО оқытушыларына, докторанттар, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ XX ғасырдағы Қазақстан тарихына қызығушылық танытушыларға арналған.