Білім күні

Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және қызметкерлер!

 Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім адам баласының өмірлік серігі, өз мүкіндігін өмірінде жүзеге асыруда мол септігін тигізетін және өмір азығы болады. Ғылымның жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өмірде жоғарғы кәсіби білімді, өмірге деген талпынысты, жаңа инновациялық ізденістер мен талаптарды қажет етеді. Бірінші қыркүйек тек жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, болашаққа, жаңалық пен танымға толы мәнді өмірге жол  ашылады. Сіздерге жақсы көңіл-күй, зор денсаулық, шығармашылық мол табыс, асқақ армандар, отбасыларыңызға ырыс пен береке, білім жолында жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз! Биылғы оқу жылы ұстаздар мен шәкірттерге сәтті болуына тілектеспіз!

Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен

Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және қызметкерлер!

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің Ата Заңы жаңа Қа­зақ­стан жетістіктерінің бе­рік ке­пі­ліне айналды. Тиімді құ­қық­­­тық жүйенің арқасында еліміз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткізді, елімізде тұрақ­тылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасты. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең  ұлық мерекелерінің бірі. Бұл мереке Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалатын барлық бастамаларымыз бен жаңашылдықтарымызға сенімділік береді! Барша қазақстандықтарға игі­лік пен бақ-береке, молшылық, ашық аспан тілейміз! Біз­дің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасы нығайып, дами берсін!

Құрметті оқырман!

Кітапханалық –ақпараттық  орталық қорына «Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорынан шыққан «Рухани жаңғыру » бағдарламасы бойынша 100 жаңа оқулықтың жалғасы ретінде, 30 аталым, 6180 дана әдебиеттер келіп түсті. Әдебиеттер келесі салаларды қамтиды: философия, дүние жүзі тарихы, әдебиет, саясат, өнер, экономика, құқық,  педагогика және психология.