ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті "Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар"  факультетінің профессор - оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!


    Сіздерді, Кітапханалық - ақпараттық орталықта (№2-2, оқу залы, 2-қабат, тех.кешен) 25.09.-04.10.2019ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Факультет декадасына»  шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және  электронды оқулықтармен таныса аласыздар.

КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

«Кафедралар күндеріне»

Құрметті "Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар"  факультетінің профессор - оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

    Сіздерді, Кітапханалық - ақпараттық орталықта (№2-2, оқу залы, 2-қабат, тех.кешен) 17.09.-24.09.2019ж. аралығында ұйымдастырып отырған «Кафедралар күндеріне»  шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және  электронды оқулықтармен таныса аласыздар.

КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Онлайн-семинар Clarivate Analytics

Құрметті оқытушылар, студенттер және әріптестер!

Clarivate Analytics  компаниясы Сіздерді  2019 жылдың 09.09 - 26.09  аралығында өтетін Web of Science платформасы бойынша кезекті онлайн-семинарларына қатысуға шақырады. Мына сайтта  https://clarivate.ru/webinars - оқыту семинарларының танысу кестесімен танысып, сонымен қатар сізді қызықтыратын сессиясына тіркеле аласыздар. Барлық семинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Семинарға міндетті түрде тіркелу қажет және оны алдын ала өтуге кеңес береміз. Семинарлар мәскеу уақытымен өткізіледі. Семинар нәтижелері бойынша қатысушылар сертификатқа ие болады.