Яндекс.Метрика

                                                                                                                

Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен

Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және қызметкерлер!

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің Ата Заңы жаңа Қа­зақ­стан жетістіктерінің бе­рік ке­пі­ліне айналды. Тиімді құ­қық­­­тық жүйенің арқасында еліміз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткізді, елімізде тұрақ­тылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасты. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең  ұлық мерекелерінің бірі. Бұл мереке Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалатын барлық бастамаларымыз бен жаңашылдықтарымызға сенімділік береді! Барша қазақстандықтарға игі­лік пен бақ-береке, молшылық, ашық аспан тілейміз! Біз­дің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасы нығайып, дами берсін!