Хабарландыру

Құрметті оқырман қауым!

     Сіздерді 2019 жылдың қараша  айының 6 жұлдызында, сағ.13.00-де, «Ұлы  ғұламадан  ұлағат» атты әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі мен шығармашылығына  арналған оқырман  конференциясына қатысуға шақырамыз!

     Өтетін орны: ГӘҒФ КЕШЕНІ, 1.3.-107 аудиториясы (№1 оқу залы).
    Ұйымдастырушы: М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің Кітапханалық-ақпараттық орталық  №1 оқу залы, В18ФилК-1,3 тобы және «Дулатитану» ғылыми-зерттеу  орталығы.

Хабарландыру

Құрметті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен магистранттары!

    Сіздерді Кітапханалық-ақпараттық орталық 04.11-09.11.2019ж аралығында "Ақпараттық күндеріне" шақырады. Мұнда сіздер Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қорына түскен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Әлем маржандары қазақ тілінде» қоғамдық қорынан қазақ тіліне аударылған 49 аталым оқулықтармен таныса аласыздар.

      Сіздерді ГӘҒФ кешенінің №1 оқу залында күтеміз.

      Келіңіздер! Көріңіздер! Танысыңыздар!

Семинар

     28.10.2019ж. Кітапханалық – ақпараттық орталық оқу залында Clarivate Analytics компаниясы «Web of Science. Журналдарды таңдау құралдары», «Қазақстандық ғалымдарға арналған Clarivate Analytics ақпараттық ресурстар» атты семинар өтті. Семинар жүргізушісі - Clarivate Analytics компаниясының өкілі, ақпараттық ресурстар мен білім беру бағдарламалары жөніндегі сарапшысы – Инеш Кенжина.