ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    2019 жылдың 15 қазан күні, сағ.15.00-де Кітапханалық-ақпараттық орталықтың  № 6-5 оқу залында /6-1 гидрокешен/- «Заң» факультетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының оқытушылары Г.Б.Еменова, Д.Д.Өмірзакова бастаған СШЭжҚ, МГжМ  факультетінің 2 курс студенттерімен бірге - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог -  Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауын талқылауға арналған «Жаңа бағытқа бастаған Жолдау» атты дөңгелек үстел  өткізілді. 

   Іс шараға қатысушылар Жолдаудың бөлімдерімен танысып, туындаған ой-өрісімен бөлісіп, азаматтық позициясын білдірді.  Дөңгелек үстел тартымды да, мағыналы өтті.