Хабарландыру

Құрметті «ЗАҢ» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері!

     Сіздерді 14.11. - 25.11.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталықта (№6-2 абонемент, ғылыми әдебиеттер оқу залы, гидро кешені) ұйымдастырып отырған «Факультет онкүндігіне» шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен, жаңа түскен әдебиеттермен және электронды ресурстармен таныса аласыздар.

 КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР! КҮТЕМІЗ!

Хабарландыру

Құрметті магистранттар мен студенттер!

       Сіздерді 11.11.- 30.11.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№6-2 Абонемент, ғылыми әдебиеттер оқу залы, гидро кешені) ұйымдастырып отырған «Диплом жұмысына көмек» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша ғылыми жұмысқа қажетті әдебиеттермен таныса аласыздар.

 КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Семинар

      2019 жылдың қараша  айының 7 жұлдызында, Кітапханалық – ақпараттық орталық оқу залында ғылыми бағытты дамыту мақсатында, ҚР ҒжБМ қолдауыменен Elsevier компаниясының өнімдерін «Scopus & ScienceDirect көмегімен зерттеулердің тиімділігін арттыру» атты семинар өтті. Семинарды Elsevier компаниясының фрилансері Керімбек Тоқтар Сенбекұлы өткізді. Семинарға докторанттар, университет оқытушылары, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.