2020 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы датаны, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтуге шақырды. Дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу дей келе, мемлекет басшысы үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырды. "Ұлы Абайдың мұрасы "Рухани жаңғырудың" маңызды бағдарына айналуы қажет. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек", - деді президент.
Елбасының бастамасынан кейін ұлы ақынның мерейтойын ауқымды түрде атап өтуге жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті. 2019 жылдың 30 қазан күні осы мерейтой аясында, Кітапханалық-ақпараттық орталық, СШЭжҚ факультетінің «Өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» және «Экология» кафедрасының оқытушыларымен бірігіп, студенттер арасында «Абайды оқы, таңырқа» атты әдеби-әуенді кеш өткізді.
Кітапхана тарапынан, Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру мақсатында кітап көрмесі және «Әлемге танылған Абай» атты 52 слайдтан тұратын презентация оқырман назарына ұсынылды. Оқырман назарына, кітапхана қорында бар, қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дана тұлғаның өлеңдер жинақтары, шағармалары ұсынылды.
Өткізілген әдеби-кеш, жас ұрпақтың ұлы ақыннан қалған әдеби рухани қазынасына деген құрметін, қызығушылығын айқындады. Студенттер Абай өлеңдерін, «Қара сөздерін» оқып, «Қөзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың» әндерін шырқап, жиналған қауымға ұсынды. презентация, суреттер