Хабарландыру

Құрметті магистранттар мен студенттер!

       Сіздерді 11.11.- 30.11.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№6-2 Абонемент, ғылыми әдебиеттер оқу залы, гидро кешені) ұйымдастырып отырған «Диплом жұмысына көмек» атты кітап көрмесіне шақырамыз. Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша ғылыми жұмысқа қажетті әдебиеттермен таныса аласыздар.

 КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Семинар

      2019 жылдың қараша  айының 7 жұлдызында, Кітапханалық – ақпараттық орталық оқу залында ғылыми бағытты дамыту мақсатында, ҚР ҒжБМ қолдауыменен Elsevier компаниясының өнімдерін «Scopus & ScienceDirect көмегімен зерттеулердің тиімділігін арттыру» атты семинар өтті. Семинарды Elsevier компаниясының фрилансері Керімбек Тоқтар Сенбекұлы өткізді. Семинарға докторанттар, университет оқытушылары, құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

Абай Құнанбаев -175ж

    2020 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы датаны, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтуге  шақырды. Дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу дей келе, мемлекет басшысы үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырды. "Ұлы Абайдың мұрасы "Рухани жаңғырудың" маңызды бағдарына айналуы қажет. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек", - деді президент.

Оқуды жалғастыру