КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
Марафон мақсаты:
- Жастар арасындағы оқырман белсенділігінің деңгейін арттыру.
- Үйдегі бос уақытты тиімді пайдалану.
- Жас ұрпақтың санасында оқу мен кітап мәдениетінің құндылығы мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
- Жастардың шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру.
Марафонға жас ерекшеліктеріне қарай 2 категория бойынша қатыса алады. Олар:
- 17 - 24 жас аралығы;
- 25 - 35 жас аралығы.
Оқу марафонының шарттары: күндер, бағалау критерийлері
- кітап оқыңыз (электронды, аудиокітапты қоса).
- оқылған кітапқа пікір жазыңыз (кем дегенде 10 сөйлем) және ол үшін 5 ұпай алыңыз.
- оқылған кітапқа жарнамалық постер жасағаны үшін -5 ұпай;
- кітаптың таңдалған көлемі үшін (200 беттен жоғары кітап - 3 ұпай; 300 беттен артық - 4 ұпай);
Қорытынды шығару кезінде қазылар алқасы шығармашылық жұмыстардың сапасын бағалау критерийлері және конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптары бойынша бағалайды.
Жұмыс ұпайлық жүйе бойынша бағаланады. Ұпайлар жинақталады.
Марафонға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде келесі өлшемшарттар ескеріледі:
- оқылған шығармаға өз көзқарасын көрсету;
- жұмыстың көркемдік деңгейі.
Интернеттен алынған пікірлер марафонға қатысушыларды жартылай немесе толық жинаған жүлде ұпайларынан айырады.
Марафонның жеңімпаздары әр жас санатында жинаған ұпай көлемі бойынша анықталады:
1 орын
2 орын
3 орын
Жеңімпаздар мен номинанттар дипломдармен, сыйлықтармен; қатысушылар - естелік кәдесыйлармен марапатталады.
Қатысуға өтінім шарттары:
- Марафонға қатысу үшін өтінім беріледі. Өтінімде:
- Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты
- Жасы (толық жас)
- Оқу орны (мамандығы, курсы), жұмыс орны.
- Байланыс телефоны, e-mail.
Марафонға қатысуға өтінімдер "Кітап оқу марафоны" деген белгісін қойып, кітапхананың электрондық поштасына (Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) жіберіледі.
Марафон кезінде оқитын кітаптарды мына төменде көрсетілген сайттардан да жүктеп алуларыңызға болады. Олар: https://e-kitap.kz/ , http://ecat.tarsu.kz
және т.б.