"Бір ел - бір кітап" акциясы 2019 ж.

Құрметті оқырман қауым!

        Cіздерді 2019 жылдың қараша айының 26-27 жұлдызында, "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында халық жазушысы, мемлекет  және қоғам  қайраткері Ә. Кекілбаевпен ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, халық жазушысы Ә.Тәжібаевтің шығармаларына арналған «Қазақ әдебиетінің тұлғалары» атты көрме-шолу ұсынамыз.

         Қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған көрме-шолумен таныса  аласыздар!

             Өтетін орны: ГӘҒФкешені, №1 оқу залы.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру"  факультетінің профессорлық - оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары!

    Сіздерді 26.11 .- 05.12.2019ж. аралығында Кітапханалық-ақпараттық орталық (№2-2, оқу залы, 2-қабат, тех.кешені) ұйымдастырылып отырған «Факультет декадасына» шақырамыз. Сіздер мұнда білім беру бағдарламалары бойынша кітапхана қорына жаңа келіп түскен кітаптармен және  электронды ресурстармен таныса аласыздар.

КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

Бейімбет Майлин – 125 жыл

      2019 жылы 26 қараша күні сағ.10.00-де Кітапханалық-ақпараттық орталық №6-5 оқу залында Су шаруашылығы, экология және құрылыс  факультетінің  «Экология»  кафедрасының оқытушысы Жигитова С.З. бастаған 6В05213-19/1, 6В05213-19/3 топтарының 1 курс студенттерімен бірігіп кітапхана қызметкерлері қазақтың көрнекті жазушысы Б.Майлиннің 125 жылдығына орай - «Бейімбет Майлин-қазақ әдебиетінің классигі» атты портреттік кеш өткізеді.

Келіңіздер! Қатысыңыздар!