1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

 Құрметті профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!

    Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. 
   Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын!