ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР!

   Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздер бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жансыздар. Көктеріңізден күн, құшақтарыңыздан гүл, өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Отбастарыңызда сүйіспеншілік пен ізгілік нұр шашсын, балаларыңыз жетістіктерімен қуанта берсін, ал, бақытты сәттер әрдайым серік болсын!

«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!

  1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Осыған орай, Дулати университетінің «Білімгерлер үйінде» 6-11 түнгі оқу залының ұйымдастыруымен «Алғысым шексіз!» атты әдеби кеш өтті. Кеште жатақхана студенттері мен өзге ұлт өкілдері бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді.
  Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
  Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.
  Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.