ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

   Жамбыл Жабаев поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышына, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнер сүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жыр дүлділі Жамбыл есімі –қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қаланған алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған «ЖҮЗ ЖАСАҒАН БӘЙТЕРЕК» атты виртуалды кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз!
   БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗ! БІЗБЕН БІРГЕ ОҚЫҢЫЗ!
   Технологиялық кампус, 2 – оқу залы.

"ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА – 30 КІТАП"

Құрметті оқырман қауым!

 Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап — Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді.

 Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз.

 Назарларыңызға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітаптың» электрондық нұсқаларын  ұсынып отырмыз.