Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл

    Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл - 175 жыл.
  Осы орайда Кітапханалық ақпарттық орталығының Көркем әдебиет секторы мен «Филология және журналистика» кафедрасы бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Жамбылды жырлаймыз» атты студенттер арасындағы онлайн айтыста топ жарып шыққан студенттеріміз бақ сынады. «Менің пірім Сүйінбай» деп жырлаған Жамбыл ақынды пір тұтқан Шапағат Әбдірұлы мен Саламат Осалыұлы сөз маржанын тізбектеп аламан айтыс көрсетті.

Оқуды жалғастыру

ВИРТУАЛДЫ БИБЛИОФРЕШ

Құрметті оқырман қауым!

    "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасының төртінші кезеңінде қазақ тіліне аударылған, жақында баспадан шыққан 23 аталым кітаппен таныс болыңыздар.Бұл лекте философия, экономика, педагогика, тарих, саясаттану, әлеуметтану, дінтану бағытындағы оқулықтар аударылып, біздің кітапханамыздың сөрелерінен орын алды.
     Гидро кешен, 6.1-№8 оқу залы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті оқырмандар!

   Кітапханалық-ақпараттық орталық сіздердің назарларыңызға «Армысың, әз-Наурыз!» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады. 22 Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз – көне мейрам. Наурыз – жыл басы, достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Күн мен түннің теңелген күні.
   «Экономика және құқық» факультеті, 2.6 корпус №4 оқу залы
    БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР! (
FacebookInstagramVk)