«Жұлдызы биік жыр-жаһан»

   18 мамыр - ақын, жазушы, саясаткер, танымал қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туған күні. Семейдегі полигонды жабуға үлкен үлес қосқан қайраткер 85 жасқа толды. Ол – өте талантты ақын әрі әдебиеттанушы, мәтіндерді зерделеумен шынайы түрде айналысып келеді. Бұл баршаны таң қалдырады. Олжас ақын сияқты поэзия әлемін зерттеу сирек кездесетін қасиет.

   Оның өлеңдерінің рухы – нағыз еркіндіктің рухы. Олжас Сүлейменовтың өр рухы, дауыс ырғағы, өзін-өзі ұстауы, асқақ өлеңдері еліміздің барлық өңірінде зор құрметке ие. Оның шығармалары әу бастан-ақ ұлттық өдеби құбылыстарға толы болды, сонымен қатар сөз қадірін түсінер жұрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды. Олжас Сүлейменовтың өлеңдері мен поэмалары әлемнің 11 тіліне аударылған. Әр өлеңінен ақынның қазақ жеріне деген ерекше ықыласын аңғаруға болады.
   Сіздердің назарларыңызға ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Жұлдызы биік жыр- жаһан» атты буктрейлерін ұсынамыз.