Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні!

Құрметті оқырмандар!

   Сіздерді 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! 
   Тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биіктен желбіреп, мәртебесі одан әрі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз.
   Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!

ВЕБИНАР

Құрметті профессорлық-оқытушылар құрамы,
жас ғалымдар мен студенттер!


   Clarivate вебинарларына қатысуға шақырамыз.
   3 маусым
    Тақырыбы: Журнал форматына сай жұмысты EndNote көмегімен рәсімдеу
  Тезистер: Вебинарда ғылыми журналдарда әдебиеттер тізімін рәсімдеу форматтарын қарастырамыз. EndNote референс-менеджері деген не, қалай жұмыс істейді және оны қалай баптауға болады. Өз коллекцияңызды қалай құру және толықтыру қажет. Жұмысты берілген форматқа сай рәсімдеу үшін Cite While You Write™️ құралын пайдалану. Таңдалған басылымда әдебиеттер тізімі қандай форматта рәсімделетінін қайдан білуге болады. Сұрақтарыңызға жауап береміз.
   Уақыты: 14:00
   Тіркелу:
https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_jP2hXi_4SnCN8T09m2YHOg

Хабарландыру!

Құрметті оқырмандар!

  Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы. Рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Әрбір жас ұрпақ мемлекеттік рәміздердің қадір қасиетін бойына сіңіріп, қастерлеуі тиіс.   
 Сіздердің назарларыңызға Кітапханалық-ақпараттық орталық ұйымдастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Рәміздер – мемлекет негізі» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.