ХАБАРЛАНДЫРУ!

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

   Еліміз шырқау биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың тақсіретті беттерін ешқашан ұмытпайтын боламыз. Кітапханалық-ақпараттық орталықтың оқу залында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау.        
  Іс-шараның мақсаты – отанды сүю, отаншылдық сезімін арттыру, болашаққа деген сенімін жоғалтпау, елдің, жердің адал перзенті болуға жастарды тәрбиелеу. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады.